Ресей астанасында жарылыс қауіпіне байланысты 10 мыңнан астам адам эвакуцияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресей астанасы Мәскеуде жарылыс болуы мүмкін деген қауіппен Үлкен театр, қалалық және орталық сауда үйлері және «Метрополь» мен «Националь» қонақ үйінен адамдар эвакуацияланды. Бұл туралы Интерфакс агенттігі хабарлады.

Агенттік таратқан мәліметтер бойынша, барлығы 10 мың адам қауіпсіз аймаққа көшірілген. Тексеру барысында бірде бір жарылғыш зат табылған жоқ.

Осыған дейін 5 қарашада Мәскеуде «Космос» кинотеатры, Ленинград даңғылындағы «Аэропорт» сауда үйі мен «Высота» кинотеатрынан адамдар эвакуцияланған болатын. Сондай-ақ Щусев атындағы архитектура музейінде де жарылыс болады деген анонимді хабар келіп түсті.

Ресейде жаппай эвакуациялау шаралары 2017 жылдың қыркүйегінен басталған. Анонимдік қоңыраулардан соң адамдар кинотеатрлар мен университеттерден, сауда орталықтары мен әкімшілік ғимараттардан көшірілді. Алайда олардың ешқайсысынан да қандай да бір жарылғыш зат табылған жоқ.

Ресейдің Федералды барлау қызметі қоңыраулардың шет мемлекеттерден келіп жатқанын айтады.