Ресей: Астраханьда төтенше жағдай режимі енгізілді

Астраханьда бес қабатты тұрғын үйдің екі кіреберісі опырылып құлағаннан кейін аймақта төтенше жағдай енгізілді. Каzinform агенттігі бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Астрахан облысының губернаторы Игорь Бабушкиннің Telegram- каналы

«Төтенше жағдай режимі облыстық деңгейге ауыстырылды. Біз өңірлік деңгейде төтенше жағдай аясында қиын жағдайға тап болған адамдарға материалдық қолдау көрсету бойынша барлық нормативтік құжаттарды қабылдадық», - деді облыс губернаторы Игорь Бабушкин.

Айта кетейік, бұған дейін Ресейдің Астрахан қаласында көпқабатты үйдің бір бөлігі опырылып құлағанын жазған едік.