«Өткен жылы біз федералды қауіпсіздік қызметімен бірлесе отырып, Ресей аумағында үш террористік актінің жолын кестік. Мәселен, Мәскеуде мамыр айындағы мерекелер кезінде Шелков тас жолында бірлескен шараны өткіздік. Бұдан бөлек, жылдың басында Орталық Ресей аймақтарында бірқатар актілерге, сосын жылдың соңында бір қауіпті әрекетке жол берілмеді»,-деді ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Нұрғали Білісбеков Үкіметтің бүгінгі отырысында.
Айта кетейік, бүгін комитет басшысының орынбасары Санкт-Петербург қаласындағы терактіге қатысты бұқаралық ақпарат құралдарында тарап жүрген ақпаратқа да түсініктеме берді . ҚР Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов жер учаскелерін қару-жарақ қоймаларына жақын бермеу қажеттігін еске салды .