«Кеңестік» сөзі ең алдымен ресейліктерді аңсатады екен (31%). Ал жалпы алғанда бұл сөз ар-ұят, қайырымдылық, үміт сезімдерін еске алдыра отырып, ресейліктердің жағымды пікіріне ие болып шыққан.
«Кеңестік» сөзін естігенде көңілдеріне қаяу ұялап, қорқыныш, ұят және жек көрініш сезімдерін бастан кешіретін ресейліктер де ішінара кездескен.
Сонымен қатар, Ресей тарихындағы Лениннің рөліне баға берер кезде, ең біріншіден, ресейліктердің көбі ол туралы естелік сақталғанымен, енді оның жолымен ешкім жүрмейді деген пікірлерін білдірген (31%, 2000 жылы - 41%).
Ресейліктердің басым бөлігі жарты ғасырдан кейін Ленинді тек тарихшылар ғана еске алады деп санайды (39%).