27 қыркүйекте «Үрлітөбе» өткізу пунктінде шекарашылар тексеру барысында азамат З-ның 30 сәуірден бастап РФ азаматтығын алғанын және белгіленген мерзімде хабарламағанын анықтады.
Сот отырысында жауапқа тартылған тұлға кінәсін толық мойындап, 2022 жылдың сәуір айында РФ азаматтығын алғанын, бірақ заңды білмеуіне байланысты Қазақстан паспортын тапсырмағанын түсіндірді.
Қазақстанда әкесі мен анасы тұратынын, осыған орай Қазақстан аумағынан шығармауын сұрады.
Сот қаулысымен азамат З. Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 496-бабы 2-бөлімінмен кінәлі деп танылып, 428 820 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Қаулы заңды күшіне енді.