Ресей азаматы 26 маймылды қапқа салып, Қазақстан арқылы алып өтпек болған

Фото: None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облысы Мартөк ауданының мал дәрігерлік инспекциясының қызметкерлері Ресей азаматы қапқа салып әкелген 26 маймылдың жағдайы туралы айтып берді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Белгілі болғандай, 20 шілде күні шекарақызметінің өкілдері «Жайсан авто» бақылау пунктінде автокөліктің салонынанқапқа салынған 26 маймылды тасымалдаған Ресей Федерациясының азаматын қолғатүсірді. Оның ветеринарлық құжаттары болмаған.

«Шекара жасағы «УАЗ Патриот» көлігіменсинтетикадан жасалған қаптың ішінде 26 макака маймылдарын тасымалдаған РФазаматын тоқтатты. Әр маймыл жеке қапта, тып-тыныш отырған. Ресейлік азаматтыңжануарларға арналған ветеринарлық құжаттары, Кедендік Одақтың ветеринарлықкуәліктері болмаған. Біз маймылдарды алып, ер адамға Әкімшілік құқықбұзушылықтуралы Кодекстің 406 бабына сәйкес айыппұл салдық. Артынан қайтару актісіжасалды. Ол айыппұлды төлеп, құжаттарды ретке келтіруге уәде берді. Жануарлариесіне қайтарылды», - деді Мартөк ауданының бас мемлекеттік ветеринарлықинспектор Киікбай Өтешов.

Ұсталған азаматтың айтуынша, ол маймылдардыАлматыда орналасқан Қазақстандағы жалғыз тәлімбақтан сатып алып, Мәскеугежеткізбек болған. Алайда бұл қадамға баруының мақсаты белгісіз.

Самал Ендібаева


Соңғы жаңалықтар