Ведомство хабарлағандай, Санкт-Петербург тұрғыны Беларуське туыстарына келіп тұрған. Әр сапарында ол әйелдерге зорлық-зомбылық жасап кетіп отырған. Құқық қорғаушылардың мәліметінше, бұндай қылмысты ол алғаш рет 20 жылдан астам уақыт бұрын - 1994 жылы жасаған. Нәпсіқұмардың құрбандары әр жастағы қыз-келіншектер болып отырған, соның ішінде кәмелет жасына жетпегендері де бар.
Күдікті тек 2015 жылы ғана құрықталды. Ол зәбір көрсеткен қыз-келіншектердің тек жартысы ғана анықталды. Қазіргі сәтте қалған жапа шегушілер анықталып жатыр.