«Ұсталған азамат «УАЗ» көлігін мініп, елімізден Ресей жеріне қарай бет түзеп барады екен. Тексере келгенде, жүкке қажетті ілестірме құжаттары болмай шықты», деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметінен.
Сондай-ақ Петропавл шекара отрядына қарасты «Мамлютка» теміржолдық өткізу-бақылау бекетінің шекара наряды «Бішкек-Екатеринбург» бағытында кетіп бара жатқан жолаушылар пойызын қарау кезінде жолсеріктер купесіндегі 3-ші сөреде жатқан төсек-орын салатын қапшықтар мен қораптан ешқандай құжатсыз 4000 дана темекі өнімдерін тапты. Нәтижесінде Қырғызстан азаматы болып табылатын вагонның жолсерігі ұсталды.
Аталған дерек бойынша құқыққорғау органдары хабарландырылды.