«Мен Ресейден келген қонақ ретінде полицейлердің азаматтарға деген қатынасына таңғалдым. Қазақстан Республикасында осындай сәттерге куә болатындығына қуаныштымын», - делінген Д.Ш.Исабаевтың хатында.
Ресейден келген қонақ елордалық полиция басшысына полиция қызметкерлері - аға лейтенант Н. Әбу Асқар, кіші сержант М.Хамзина, қатардағы Р.Атабаевтың әрекеті үшін алғыс айтты.
«2019 жылдың 24 ақпанында көлігімнен түскен кезде есіктерім құлыптанып, кілт іште қалып қойды. Мен не істерімді білмей тұрған кезде көмек беру үшін сіздердің қызметкерлеріңіз келді. Әрқайсысы келіп, ашуға талпынғаннан кейін есігім ашылды», - деп жазды Д.Ш. Исабаев.
Астана полиция департаменті хат авторына алғыс айтты.