«Қаржы министрлігі ішкі нарықта жанар-жағармай бағасының өзгеруіне байланысты жедел әрекет ету үшін үкіметке мұнай өнімдеріне экспорттық баж салығының мөлшері белгіленген заң жобасын енгізеді. Үкімет нарықтағы жағдайға байланысты өз қаулысымен тиісті баж салығын салуға мүмкіндік алады.
«Біз оның шекті деңгейін бензин, дизель отыны, сондай-ақ керосин бойынша 90 пайызға көтеруді ұсынып отырмыз»,- дейді Сазанов.