«Саяси белсенділердің қызметтеріне тексерудің жалғасуы маған да тиетіндігі түсінікті. Менің Мәскеуге оралғаннан кейін қайта кері шыға алатындығыма сенімім аз. Сондықтан да біраз уақыт Ресейге оралудан бас тарта тұрамын», - деді ол.
14:17, 06 Маусым 2013
Ресей билігінің қуғынынан қорыққан Каспаров әзірше еліне оралудан бас тартпақ
АСТАНА. 6 маусым. ҚазАқпарат - Кезінде шахматтан әлем чемпионы атанған, бүгінде саяси қайраткер Гарри Каспаров ресейлік билік тарапының қуғынынан қорқып, еліне оралудан бас тартып отыр. Утро.ру сайтының хабарлауынша, ол бұл жайында Женевада өткен баспасөз мәслихатында мәлім еткен.