Ресей браконьерлерін ұстау барысында шекарашылар қару қолданды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Каспий теңізінде ресейлік браконьерлерді ұстау барысында  шекарашылар қару қолдануға мәжбүр болған, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

«Каспий жағалауынан теңіз өлшемімен 14 миль қашықтықта орналасқан Құлалы аралында «байда» жүзу құралымен жүрген  бес адам ұсталды. Олар шекарашылардан қашып кетуге тырысқан. Осыған байланысты шекарашылар ескерту мақсатында  оқ атқан. Браконьерлер содан кейін ғана тоқтады, ешкім зардап шеккен жоқ. Тексеру нәтижесінде олардың  Дағыстан мен Шешенстанның тұрғындары, яғни Ресей Федерациясының азаматтары екендігі анықталып отыр», - деп мәлімдейді өңірдегі орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекциясының ресми өкілі Олег Тушканов.

Оның айтуынша, аталған оқиғаға қатысты ҚР ҚК 392-бабына сәйкес  Қазақстан Республикасы  Мемлекеттік шекарасын заңсыз бұзу әрекеті  бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Фото: 24warez.ru