Ресей делегациясы Ыстанбұлға жол тартты – Песков

Фото ТАСС

АСТАНА. KAZINFORM – Ресей делегациясы Украинамен тікелей келіссөздердің үшінші раундына қатысу үшін Ыстанбұлға аттанды. Бұл туралы Ресей Федерациясы президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС.

«Расында, біздің делегация Ыстанбұлға жол тартты. Кешкі уақытқа келіссөздер жоспарланған. Бұл Ресей мен Украина арасындағы тікелей келіссөздердің үшінші раунды болады», – деді Песков журналистердің Түркия әкімшілігі таратқан мәліметін нақтылау туралы сұрағына жауап бере отырып.

Келіссөздердің күн тәртібі мен қатысушылар құрамы әзірге жарияланған жоқ.

Айта кетейік, Иран, Ресей және Қытай Иранның ядролық бағдарламасы бойынша келіссөз жүргізді.