Ресей дизель отынын экспорттауға салынған тыйымды ұзартты

АСТАНА. KAZINFORM — Ресей үкіметі дизель және кеме отынын, сондай-ақ газойльді тікелей өндірушілердің экспорттауына салынған уақытша тыйымды 2027 жылғы 31 қаңтарға дейін ұзартты. Бұл туралы Kazinform агенттігі ТАСС-қа сілтеме жасап хабарлады.

Фото: Kazinform

— Ресей аумағынан тікелей өндірушілер экспорттайтын дизель және кеме отынын, сондай-ақ газойльді шетелге шығаруға салынған тыйымды 2027 жылғы 31 қаңтарды қоса алғанға дейін ұзарту туралы қаулыға қол қойылды. Бұл шешім ішкі жанармай нарығындағы тұрақтылықты сақтау мақсатында қабылданды, — делінген хабарламада.

Ресейде отын экспортына жалпы тыйым 2027 жылғы 31 қаңтарға дейін күшінде болады. Ал дизель және кеме отынын, сондай-ақ газойльді тікелей өндірушілердің шетелге шығаруына қойылған шектеу 2026 жылғы 31 қазанға дейін белгіленген еді.

30 қазанда Ресей премьер-министрінің орынбасары Александр Новак дизель отынын экспорттауға салынған тыйымды ұзарту кезінде «бұрынғыдай әлемдік нарыққа жеткізуге қатысты жекелеген ерекшеліктер қарастырылатынын» мәлімдеген еді.

Биыл 30 қыркүйекте Владимир Путин жеке тұлғалардың Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне, сондай-ақ Әзербайжан, Тәжікстан және Өзбекстанға 1 миллион рубльден асатын қолма-қол ақшаны әкетуіне тыйым салатын жарлыққа қол қойған еді.

Еске салайық, бұғған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей басшысы Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлескеннен кейін ресейлік дизель отынын АҚШ пен әлемдік нарыққа жеткізу жөнінде келісім жасалғанын мәлімдеген еді.