ОРАЛ. 21 қараша. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Кеше Киров қаласында Ресей допты хоккей федерациясының жүлдесі үшін жоғары лига командалары арасында турнир басталған болатын.
Жаңа маусымға дайындықты ұштау мақсатында аталмыш жарысқа қатысып жатқан, Александр Ионкин бастаған мамандар жаттықтыратын Оралдың «Ақжайығы» алдымен Димитровградтың «Черемшанына» 2:6 есебімен есе жіберді. Ал бүгін айдын иелері «Родина-2» командасынан 1:3 есебімен жеңіліп қалды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).