РФ Конституциясының жаңа ережелерінің біріне сәйкес, РФ президенті қызметін атқара алатын мерзім санының шектелуі мемлекеттің қазіргі басшысына қатысты оның бұрынғы президенттік мерзімі ескерілмей қолданылады. Осылайша, бұл норма мемлекеттің қазіргі басшысына Ресей Федерациясы президентінің қызметін тағы екі мерзім атқаруға мүмкіндік беріп отыр.
Құжатты Госдумаға депутаттар Павел Крашенинников пен Ольга Савастьянова, сондай-ақ Федерация кеңесінің мүшесі Андрей Клишас қараша айында ұсынған.