Тиісті жарлыққа Ресей президенті Владимир Путин қол қойды.
Құжат құқықтық ақпараттың ресми порталында жарияланды.
Ол биылғы 30 мамырдан бастап күшіне енді.
Қолданыстағы тәртіпке сәйкес, Ресейдегі заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер ЕАЭО мемлекеттерінен кейбір тауарларды одақ өнімі екенін растайтын құжаттарсыз әкеле алады.
Сондай-ақ шекарадан өткізу кезінде міндетті таңбалау талап етілмейді.
Алайда мұндай өнімдер кедендік бақылаумен уақытша сақтау қоймаларына жеткізілуі тиіс.
Сол жерде тауарларға Ресей заңнамасында көзделген міндетті таңбалау мен өзге де ақпараттар енгізіледі.
Осы рәсімдер аяқталғаннан кейін нарық қатысушылары өнімді айналымға енгізгені туралы «Роспотребнадзор» органын хабардар етуге міндетті.
Аталған ерекше тәртіп 2026 жылғы сәуірде уақытша шара ретінде енгізілген болатын.
Бастапқыда оның қолданылу мерзімі 31 мамырға дейін белгіленген еді.
Бұған дейін Ресейде 1 маусымнан бастап жүктерді күту фактісін растау жүйесі (СПОТ) енгізілетіні хабарланған.
Жаңа талапқа сәйкес, автомобиль көлігімен жүк жеткізетін алушылар алдағы тасымал туралы құжатты алдын ала рәсімдеп, арнайы QR-код алуы қажет.
Бұл QR-код жүргізушіде болуы және бақылаушы органдардың талабы бойынша көрсетілуі тиіс.