Ресей ЭКСПО-2025 көрмесін өткізуге өтініш берді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ЭКСПО-2017-дегі Ресей павильонында РФ Екатеринбург қаласында ЭКСПО-2025 Бүкіләлемдік әмбебап көрмесін өткізу құқын алу бағытындағы тұсаукесер өткізілді, деп хабарлайды russiaexpo2017.ru. 

ЭКСПО-2025-ті өткізу құқын алуға өтінішті Свердлов облысының  вице-губернаторы Александр Высокинский ұсынды.

 Екатеринбург - Свердлов облысындағы, сондай-ақ өңірдегі  өнеркәсіп, ғылым, білім мен мәдениет, маңызды логистикалық және сервистік ірі орталық.

Қалада бір жарым миллион адам тұрады.

Облыс Ресейдің өнеркәсіп өнімдерінің  40 пайызын шығарады,сондай-ақ әлем бойынша титанның 30 пайызын өндіреді.

 Екатеринбургте БРИКС саммиті, Ресей-ЕО саммиті, ШЫҰ саммиті өткізілген. Мұнда өзге де әлемдік деңгейдегі бірнеше шаралар ұйымдастырылған.

Сондай-ақ 2018 жылы футболдан әлем чемпионаты өткізіледі.

  Таныстырылым барысында сөз алған  Қазақстандағы Ресейдің елші-кеңесшісі Александр Мусиенко шетелдік әріптестеріне қарата: «Біз Екатеринбургтің  «ЭКСПО - 2025» өткізу құқына ие болу жөніндегі өтінішін ілгерілетуге достарымыз бен әріптестеріміздің қолдауына сенеміз»,- деп атап өтті.