Ол құнының төмендігімен, өндіріс жылдамдығының жоғарылығымен және өнімнің үздік сапасымен ерекшеленеді. Бұл туралы ТАСС агенттігі университеттегі Жаратылыстану ғылымдары мектебінің Ядролық технологиялар академиялық департаментінің директоры, Ресей Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Иван Тананаевқа сілтеме жасап хабарлады.
«Біздің әдістің негізгі идеясы ұнтақ орналастырылған пресс-форманы электр тоғымен қыздыру болып табылады. Осындай жағдайда уран-оксидті отынына бір мезгілде қуатты импульсті разряд пен механикалық қысым әсер етеді», - дейді Тананаев.
Ғалымның айтуынша, әдістің басты артықшылығы - өндіріс жылдамдығының артуы мен өнім сапасының жоғарылауы. Отынды стандартты технологияға жарамсыз саналатын уран диоксидінен де алуға болады.