Ресей Федерациясына Қазақстан аумағынан мал өнімдерін шығаруға шектеу алынды

АСТАНА. Қазанның 20-сы. ҚазАқпарат. Үстіміздегі жылдың қазан айында ресей жағының бастамашылығымен ҚР Ауылшаруашылық министрлігі Агроөнеркәсіптік кешені мемлекеттік инспекция комитеті төрағасының орынбасары Н.Жақыпбаевтың, Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстары аумақтық инспекциялары бастықтарының және Орынбор облысы бойынша Россельхознадзор Басқармасы бастығының орынбасары Г.Захаровпен кездесуі болды.

деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Кездесу барысында екі елдің шекаралық аймақтары арасында мал өнімдерін жеткізуге бақылау жүйесін нақтылау жөнінде мәселелер талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарынан мал шаруашылығы өнімдерін Ресей Федерациясының Орынбор облысына тасымалдауға Россельхознадзормен енгізілген шектеулерді алып тастау туралы меморандумға қол қойылды.

Бұл өз кезегінде, ресейлік кәсіпкерлер үшін өз өнімдерін Ресей Федерациясының Орынбор облысынан Қазақстан Республикасының Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарына экспорттауға мүмкіншілік ашты.