Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Өзбекстанға барды

ТАШКЕНТ. KAZINFORM – Бүгін Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы Михаил Мишустин Өзбекстанға барды. Бұл туралы UzA хабарлады.

Фото: UzA

Төрағаны Ташкент халықаралық әуежайында Өзбекстан Республикасының Премьер-Министрі Абдулла Арипов және басқа да ресми тұлғалар қарсы алды. 

Сапар бағдарламасына сәйкес Өзбекстан Республикасы мен Ресей Федерациясының үкімет басшылары деңгейіндегі бірлескен комиссияның кезекті отырысы өтеді.

Сондай-ақ Ташкент қаласындағы өндірістік және өнеркәсіптік кәсіпорындардың тыныс-тіршілігімен танысып, басқа да нысандарды аралау жоспарланып отыр. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Өзбекстанда, Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында 3 балдық жер сілкінісі болғанын хабарлаған болатынбыз.