Бұл туралы ТАСС агенттігіне Гамалея атындағы орталықтың директоры Александр Гинцбург мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазір клиникалық сынақтар басталды. Бірінші және екінші фазадан өту керек, ол шамамен үш жарым-төрт ай уақытты алады. Көктемнің екінші жартысында осы препаратты қолданып көреміз деп сенемін. Алайда бұл препараттың тиімді екені батыстағы баламаларынан-ақ белгілі», - деді ол.
Бұдан бұрын Гамалея атындағы орталықтың жетекші қызметкері, «Спутник V» вакцинасын өндірушілердің бірі Дмитрий Щебляков моноклонды антиденелер негізінде жасалған препараттың клиникаға дейінгі сынақ кезінде жоғары нәтиже көрсеткенін мәлімдеген.