Ресей ғалымы өзіне жасартатын эксперимент жүргізеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресей ғылым академиясының Жасуша биофизикасы институтының ғалымы Алексей Карнаухов өзіне жасару технологиясын байқап көрмек. Әзірленген әдістеме тышқандарға жасалған сынақта оң нәтиже көрсетті. Бұл туралы дүйсенбі күні «Известия» газеті жазды.

«Бұл мүмкіндікті үлкен сәттілікке баладым. Донор жасы - 55-ке медициналық, тіпті заңды шектеулер бар, сондықтан менде көп уақыт қалған жоқ», - деді биофизик.

Экспериментте   орташа өмір ұзақтығын ұлғайту 34 пайызды құрады. «Адамдар үшін бұл шамамен қосымша 25 жылға сәйкес келеді», - деп атап өтті ғалым.

Ғалым әдістемесі Карнаухов тобы 2009 жылы қалыптастырған «қартаймайтын ұрық желісі» парадоксын шешуге негізделген. Технология генетикалық зақымданудың жиналуы қартаюдың негізгі тетігі болып табылатынын   және кемік майын ауыстыруды  қамтиды.