Ресей ғарышкері ХҒС бортында парламент сайлауына дауыс берді

АСТАНА. ҚазАқпарат - ХҒС бортындағы жалғыз ресейлік ғарышкер Анатолий Иванишин Мемлекеттік думаның сайлауында дауыс берді. Бұл туралы ресейлік «РИА Новости» агенттігі хабарлайды.

«Ол жабық байланыс арнасы арқылы сенімді өкілі - Ғарышкерлер отрядының командирінің орынбасары Олег Кононенкоға өз таңдауын хабарлады. Ал ол өз кезегінде бюллетеньдегі қажетті тармақты белгілеп оны ҰБО-ға жеткізілген дауыс беру урнасына салды», - деп мәлім еткен Ресейлік Ұшуларды басқару орталығының өкілі.

Дауыс беру өткен уақытта Халықаралық ғарыш стансасы Атлант мұхитының Канар аралдары үстінен ұшып бара жатқанр.

ҰБО өкілінің айтуынша, сенімді өкіл арқылы ХҒС-дағы ғарышкерлердің дауыс беруі бұған дейін де Ресей президенті және парламенті сайлауында қоллданылған.