Ресей ғарышкері Салижан Шарипов Иранда жүр

АСТАНА. 23 сәуір. ҚазАқпарат - Әлемнің 375-ші және Ресейдің 88-ші ғарышкері Салижан Шарипов бір апталық сапармен Иран провинциясы Семнанға келді,

 деп хабарлайды IribNews.

Сапар барысында Салижан Шариповтың аталмыш провинциядағы түрлі университеттерде  кездесулер өткізуі қарастырылып отыр.  Сондай-ақ ғарышкер космос және космонавтика жөнінде дәрістер оқымақ.