Дауыс санау жергілікті уақытпен 20:00-ден кейін жүргізіледі. Егер сайлаушылардың жартысынан көбі түзетумен келіссе, конституциялық түзету нәтижелері ресми жарияланған күні күшіне енеді.
Дауыс беруге қатысу шегі белгіленбеген.
Бұған дейін хабарланғандай, РФ президенті Владимир Путин Конституцияға тиісті түзетулер қабылданса, жаңа мерзімге президенттікке сайлауға түсетінін жоққа шығармады.
Бұл туралы ол «Россия-1» телеарнасында «Россия. Кремль. Путин» фильміне берген сұхбатында айтты.