Ресей халқының саны 2010 жылы 48,3 мың адамға азайды - Ресстат

АСТАНА. 30 наурыз. ҚазАқпарат - Ресей халқының саны 2010 жылы 48,3 мың адамға немесе 0,03 пайызға азайып, 2011 жылдың 1 қаңтарында 142 млн. 914 мың адамды құрады.

Бұл туралы кеше 2010 жылғы бүкілресейлік халық санағының алдын ала қорытындыларын есепке ала отырып Ресстат хабарлайды, - деп жазады ИТАР-ТАСС.

Оның ішінде 2011 жылдың басында 105 млн. 425 мың адамды қала халқы құраса, ауыл халқының саны 37 млн. 489 мың.