Ресей халықаралық қоры бір аптада 4 миллиардқа жуық долларға өсті
21:00, 08 Желтоқсан 2011
АСТАНА. 8 желтоқсан. ҚазАқпарат. РФ халықаралық қоры 2011 жылдың 2 желтоқсанында 514,1 млрд. АҚШ долларын құрады, осы жылдың 25 қарашасында ол 510,2 млрд АҚШ доллары болатын. Мұндай ақпаратты бүгін Ресей Банкі таратты.
Бір аптаның ішінде қор 3,9 млрд АҚШ долларына немесе 0,76%-ға өсті.