Ресей империясы кезінде соғылған аса сирек кездесетін алтын монеталар саудаға шығарылады
08:46, 25 Желтоқсан 2013
АСТАНА. 25 желтоқсан. ҚазАқпарат - Heritage Auctions бәссауда үйі Нью-Йоркте Ресей империясында шығарылған сирек кездесетін алтын монеталарды сатылымға шығарады.
Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.
«Коллекционерлер мен саудагерлерге бірінші рет АҚШ-та коллекциялардың бірінде жарты ғасырдай сақталған Ресейдің сирек монеталарын сатып алу мүмкіндігі беріледі», - деп атап көрсетті Heritageвице-президенті Критиано Бирринбах. Оның пікіріне қарағанда, 1729 жылы шығарылған император Петр ІІ бейнесі белгіленген алтын он сомдық сатып алушылардың аса зор қызығушылығын тудырмақ.
Сирек лоттар қатарында Мәскеуде 1748 жылы шығарылған Елизавета патшайымның бейнесі салынған алтын он сомдық та бар. Оның бағалау құны 20 мың долларды құрайды.
Бұл шара Нью-Йоркте қаңтардың 14 мен 16-сы аралығында өтеді. Оған онлайн режімінде де қатысуға болады. Жалпы алғанда 150 елден жиналған 1,9 мың монета саудаға шығарылмақ.