«Путиннің тапсырмасы бойынша бір сағат ішінде бірнеше тікұшақ пен бортында 50 құтқарушы-альпинист бар екі заманауи ұшақ Тебриз қаласына (Иранның солтүстік-батысына) аттанады», - деп келтіреді Левитиннің сөзін Tasnim агенттігі.
Раиси мінген тікұшақ елдің солтүстік-батысында апатты жағдайда қонды. Бортта сонымен қатар Иранның Сыртқы істеп министрі Хосейн Амир Абдоллахиян болған.
Еске сала кетейік, Иран президенті мінген тікұшақ Әзербайжанмен шекаралас Верзеган қаласына жақын жерге апатты жағдайда қонды. Кейінірек тікұшақ құлаған жерден видео пайда болды. Адамдар президент Раиси мен оның серіктерінің денсаулығы үшін дұға етіп жатыр.
Иран вице-президенті Мохсен Мансури ел президенті Ибрахим Раиси мінген тікұшақ апатты жағдайда қонғаннан кейін қасындағы екі адам бірнеше рет байланысқа шыққанын айтты.
Түркия Ирандағы апат болған жерге 32 альпинист пен тікұшақ жіберді.