«1 мың 76 адам, соның ішінде 615 бала қауіпсізжерге көшірілді. Қазір уақытша орналастыру пункттерінде 41 адам бар, соныңсегізі – бала», - делінген хабарламада.
Жексенбі күнгі нөсер салдарынан облыстың алтыауданы: Нижнеудинск, Черемховск, Тулунск, Шелеховск, Слюдянск, Зиминскаудандары судың астында қалған. Дүйсенбі күні 07:00-дегі дерек бойынша, 147тұрғын үйді, 42 үйдің ауласын, 269 үй маңындағы аумақты су басқан.
Иркутск облыстық гидрометеорология жәнеқоршаған ортаға мониторинг жүргізу басқармасының ақпаратына қарағанда, өңірдіңоңтүстік аудандарында нөсер дүйсенбі күні де толастамақ емес.
Төтенше жағдайға шұғыл қызметтер әзір тұр. Тұрғындарғабұқаралық ақпарат құралдары, смс-хабарламалар арқылы хабар беріліп отыр.