Хабарламада В.Путин Ресейдің тараптар арасындағы диалогты ілгерілету үшін арағайындық жасауға әзір екені және осыған байланысты бірқатар шетелдік көшбасшымен байланысқа шыққаны туралы айтылған.
Тараптар Иран мен Израиль арасындағы қақтығыстың ушығуына қатты алаңдаушылық білдірді.
Сонымен қатар, мемлекет басшылары Таяу Шығыстағы жағдайдың күрт шиеленісуіне байланысты пікір алмасты. Олар Израиль мен Иран арасындағы соғыс әрекеттерін тез арада тоқтатудың маңызды екенін және Иранның ядролық бағдарламасына қатысты даулы мәселелерді реттеу үшін саяси-дипломатиялық күш-жігерді жандандыру қажеттігін атап өтті.
Бұған дейін Ресей Сыртқы істер министрлігі Иран-Израиль қақтығысына қатысты мәлімдеме жасағанын хабарлаған болатынбыз.