— Ресей тарапының, атап айтқанда «Транснефть» компаниясының Қытайға экспорттайтын мұнай транзитін 2,5 млн тоннаға дейін ұлғайту жөнінде өтініші болды. «Транснефть» пен «ҚазТрансОйл» бұл өтініштің техникалық мүмкіндігін зерделеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Менің ойымша, жақын арада аяқталады. Содан кейін біз жаңа мұнай айдайтын станса салу қажет пе деген сұраққа нақты жауап табамыз, — деді ол.
Сондай-ақ, Ресей сұрап отырған көлемді қосымша станса салмай-ақ орындауға болатынын қосты.
Еске салсақ, 20-22 мамырда Канадада өткен G7 қаржы министрлерінің отырысында Еуроодақ теңіз арқылы тасымалданатын ресейлік мұнайды сатып алудың максималды бағасын төмендетуді ұсынған еді.