Ресей-Қазақстан шекарасында психотропты дәрілерді алып өтпек болғандар ұсталды - ҰҚК

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақ-ресей шекарасындағы қазақстандық шекарашылар психотропты затты алып өтпек болған азаматтарды ұстады, деп хабарлады ҚР ҰҚК Шекара қызметінен.

Нақтырақ айтқанда, Петропавл шекара отрядына қарасты «Жаңажол авто» бақылау-өткізу бекетінің бақылаушылары жүйкені емдеуге арналған, әсер етуі өте күшті «Трамадол» дәрісін елімізден Ресейге заңсыз әкетіп бара жатқан екі Ресей азаматын ұстады. Тексеріп қарағанда 3 қорабшада 5 ампула дәрінің салмағы 30 грамм болып шықты.

Аталған дерек бойынша, Мамлют аудандық құқыққорғау органдары хабарландырылды. Тергеу амалдары басталды.