Ресей, Қазақстан және Беларус өңірлік сауда одағын дамыту бойынша жалпыәлемдік үрдістен бір қадам алда келеді

nbsp;АСТАНА. Сәуірдің 16-сы. ҚазАқпарат - Ресей, Қазақстан және Беларус өңірлік сауда одағын дамыту бойынша жалпыәлемдік үрдістен бір қадам алда келеді.

Бұл пікірді бүгін Bnews.kz порталы студиясында өткен интернет-конференция барысында ресейлік «Бизнес ынтымақтастық» үкіметтік емес ұйымының директоры, «Дағдарыстан кейін даму модельдері» зерттеулері авторларының бірі Виталий Седнев білдірді.

Сарапшының атап өтуінше, Ресей, Беларус және Қазақстанда әлі күнге дейін Кедендік одаққа қатысты ол қандай пайда әкеледі және оның қандай тәуекелдері бар деген дау-дамау толастамай тұр.

«Бірақ егер әлемдік сарапшылардың пікіріне сүйенер болсақ, Кедендік одақ - бұл әлемде басталған экономикалық бөлініс бағыттарының бірі. Кедендік одақтың қарсыластары өте көп, дегенмен Еуропалық одақ құрылған алғашқы жылдары да көптеген қарсыластар мен пессимистік көзқарастар болды және бұл интеграциялық бірлестіктің табыстылығына көпшілігі сенбеді. Кедендік одақ әлемде қалыптасқан маңызды үрдістерді бекітеді, бұл өңірлік сауда одақтарының дамуына бәс тігеді. Бұл орайда Ресей, Қазақстан және Беларус жалпы әлемдік үрдістен бір қадам алда келеді», деді В.Седнев.

Ресейлік «Бизнес ынтымақтастық» ҮЕҰ басшысының пайымдауынша, Кедендік одақ жылдам немесе жай дамуы мүмкін, бірақ ол қатысушы елдердің, әсіресе бизнестің дамуына үлкен мүмкіндік береді.