«ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті Ресейдің Россельхознадзор қызметімен келіссөздер жүргізіп, «Green Capital Kazakhstan» ЖШС және «Green Land Alatau» ЖШС-нің қызанақ жемістерінде қауіпті вирусы (Tomato brown rugose fruit virus немесе ToBRFV) бойынша жылыжайлардың карантиндік фитосанитариялық жай-күйі туралы өзекті ақпаратты ұсынды», - делінген хабарламада.
Қазақстан тарап ұсынған құжаттардың қорытындысы бойынша Россельхознадзор ағымдағы жылдың 27 қаңтарынан бастап Ресей Федерациясына Ақтөбе және Алматы облыстарынан қызанақ жемістерін алып келуге уақытша шектеулерді алып тастайтын болды.