«Қазақстан энергетика жүйесінің негізгі принципі өз-өзін толықтай қамту. Яғни, энергетикалық қауіпсіздік мәселесі экономикалық қауіпсіздік мәселесімен бірге басым бағдарға ие. Ресей салатын үш жылу электр орталығы негізінен көмір тұтынады. Яғни, оған қажетті отынның негізгі бөлігін қазақстандық жеткізушілер береді. Экологиялық пайымдарды ескеріп, газбен де жұмыс істейтіндей етіп жобалап жатырмыз. Яғни, кез келген уақытта балама қуат көзіне жалғай аламыз. Жобада қазақстандық отын қолданылатыны нақтыланған. Ал атом электр стансасына келсек, референдум қорытындысын күтейік. Алдын ала келісімдер немесе шешімдер жоқ. Бұл толықтай ашық процесс болады. Референдум негізінде Үкімет вендер таңдауда бірінші кезекте ұлттық мүддені ескере отырып шешім қабылдайды», - деді министр.
Айта кетейік, бұған дейін ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Қазақстанның шығыс өңірлеріне Ресейден газ тартудың нақты жобасы қараша айында белгілі болатынын айтты.