- Ресей Федерациясынан ресми сұраныс болған жоқ, - деді Энергетика министрі Парламент палаталарының бірлескен отырысы аясында.
Осы ретте ол Қазақстан ресейлік тарапынан бензинге ресми сұраныс келіп түскен жағдайда Энергетика министрлігі оны қарастыруға дайын екендігін жасырған жоқ.
Естеріңізге сала кетсек, 24 маусымда Reuters агенттігі дереккөздерге сілтеме жасай отырып, Ресей Қазақстанмен шамамен 50 мың тонна АИ-92 маркалы бензинді импорттау туралы келіссөз жүргізіп жатқанын хабарлады. Көрші ел мұндай қадамға мұнай өңдеу зауыттарындағы жұмыстың іркілісіне байланысты елдің ішкі нарығында орын алған тапшылықтың орнын толтыру үшін барып отыр-мыс.
Бұған дейін полиция кейінгі екі айда 17 тонна жанар-жағармайдың заңсыз шығарылуына тосқауыл қойғанын жазған едік.