«Ресей Федерациясы Қазақстанмен сыртқы сауда айналымында 19 пайызды алып отыр. 2018 жылдың қорытындылары бойынша бізде өзара тиімді сауданың өсімі байқалған. Қаңтар-қараша айларындағы айналым 15,7 млрд АҚШ долларын құраған. Бұл 2017 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 6 пайызға көп», - деді Б.Атамқұлов.
«Ресей Федерациясы Қазақстан экономикасының ірі жеті инвесторының қатарында. Қазіргі кезде Қазақстан мен Ресейдің жалпы сомасы 2,7 млрд АҚШ долларды құрайтын бірлескен 16 инвестициялық жобасы бар. Бұл түрлі салалар - тау-металлургия және химия өнеркәсібі, агроөнеркәсіп кешені және машина құрылысындағы жобалар», - деп атап өтті ол.
Автор: Медет Ахметов