Соңғы айларда тек қана Петербор бойынша кеденшілер Ресейден шығаруға тыйым салынған 3 мыңнан астам жәдігерді мұражайларға, оқу мекемелері мен мәдени мекемелерге қайтарды.
Солтүстік Батыс кеден басқармасының бастығы Михаил Прокофьевтің айтуынша, тәркіленген барлық мәдени құндылықтар Мемлекеттік Эрмитажға, Этнографиялық мұражайға, Тау институтына, Павловск, Пушкин және Гатчина мұражай-қорықтарына, Санкт-Петербор Епархиясының храмдарына, Санкт-Петербор мемлекеттік университетінің шіркеуіне берілді. Пушкиндегі Екатерина сарайындағы Янтарь бөлмесінің реставраторлары 2 тоннадай янтарь алды.
«Қазір, мысалы, діни мазмұндағы ондаған зат тәркіленді, тағы бірнеше жүздегендері тексеріліп жатыр. Тәркіленген құндылықтардың барлығы жақсы сақталған, тек қайта жаңарту жұмыстарын қажет етеді», - деп нақтылады М.Прокофьев.
Атап айтқанда, Санкт-Петербор Епархиялық басқармаға кеденшілер діни мазмұндағы 20-дан астам жәдігерді табыс еткен, олардың қатарында XVII ғасырдың соңы мен ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы иконалар бар.