Ресей көкпаршылары — Дүниежүзілік көшпенділер ойынының қола жүлдегері
АСТАНА. KAZINFORM — Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында өтіп жатқан көкпар додасының қола жүлдегері белгілі болды.
Фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform
Фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform
Үшінші орынға таласу үшін алаңға шыққан Түркия және ресейлік шабандоздар тартысты ойын өткізді.
Нәтижесінде 8:2 есебімен Ресей көкпар командасы жеңіске жетті.
Фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform
Келесі ойын Қазақстан және Қырғызстан көкпаршылары арасында өтеді.
Қос команда алтын жүлдені сарапқа салатын болады.
Фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform
Айта кетейік, көкпар ойындарына Қазақстан, АҚШ, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Мажарстан, Қытай, Моңғолия және Түркия сынды 9 мемлекеттің спортшылары бақ сынады.
Фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform
Іріктеу кезеңінде Ресей құрама командасы мен Қытай елінің көкпаршылары бақ сынап, 4:1 есебімен ресейлік шабандоздар алға шыққан болатын.
Фото: Мақсат Шағырбаев/ KazinformФото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform
«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының магистрі.
2009 жылдан бері "ҚазАқпарат" Халықаралық ақпарат агеніттігінде қызмет атқарады.
"ҚазАқпарат" Халықаралық ақпарат агенттігін дамытуға қосқан үлесі үшін және еліміздің ақпарат саласына сіңірген еңбегі үшін «Күміс бітікші» медалінің иегері.
Халықаралық, Республикалық жыр мүшәйраларының жүлдегері.