Прокуратураның пікірінше «Жұманың 13-і», «Вязов көшесіндегі қорқынышты оқиға» сияқты кинотаспалардағы зорлық және қаталдық көріністері колонияның кәмелетке толмаған тұрғындарының жүйкесін бұзатын көрінеді. Бұл көркем картиналарды ескі кеңестік комедиялармен және мелодрамалармен алмастыру ұсынылды.
15:46, 28 Шілде 2009
Ресей колонияларында қорқынышты фильмдерге тыйым салынды
МӘСКЕУ. Шілденің 28-і. ҚазАқпарат - Ульянов облысының прокуратурасы Димитровград колониясының басшыларынан өздерінің тәрбиеленушілеріне қорқынышты фильмдерді көрсетуді тоқтатуды талап етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ресейлік «Жаңалықтар» агенттігіне сілтеме жасап.