«2015 жылы 26 тамызда Кострома облысында даладағы лагерьде әскери қызметкер автоматтан оқ атты. Салдарынан бір офицер мен екі сарбаз ажал құшты, тағы екі әскери қызметкер жарақаттанды. Оқ атқан адам өз-өзіне қол жұмсады.», - делінген хабарламада.
Қорғаныс министрлігінде әскериді бұл әрекетке жеке себептер итермелеуі мүмкін деген алдын ала болжам жасап отыр. Оқиға орнына Мәскеуден комиссия шықты, деп хабарлады РБК.