«Мир-19» коронавирусқа қарсы препаратын жаппай өндіруге қажетті технологиялық желілерді жетілдіруге 387 миллион рубль жұмсалады. Мұндай бұйрыққа үкімет төрағасы Михаил Мишустин қол қойды», - делінген РФ премьер-министрінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Қаражат осы препаратты ойлап тапқан федералды медициналық-биологиялық агенттіктің «Иммунология институты» мемлекеттік ғылыми орталығына бөлінеді. Мақсат - вирусқа қарсы жаңа дәрі-дәрмек шығаруға қажетті құрал-жабдықтарды модернизациялау мен сатып алу.
«Мир-19» РФ Денсаулық сақтау министрлігінде өткен жылы 22 желтоқсанда тіркелді. Ол инфекцияны тыныс мүшелері арқылы емдеуге арналған. Шығарушылардың айтуынша, вирустың еселенуін тоқтатып, КВИ-дің ең ауыр түрлерін, сондай-ақ қосалқы кездесетін пневмониттер мен жіті респираторлық дистресс-синдромдарының алдын алуға мүмкіндік береді.
Бұған дейін Ресейдің Гамалея атындағы орталығы моноклонды антиденелер негізінде жасалған коронавирусқа қарсы препаратқа клиникалық зерттеуді бастаған.