«2024 жылдың 22 наурызында Мәскеу, Екатеринбург, Омбы қалаларында «Крокус сити холл» кешенінде жасалған лаңкестік әрекетке қатысы бар Ресей азаматы мен екі шетелдік азамат ұсталды. Олардың барлығы Орталық Азия аймағынан шыққан иммигранттар», - деп хабарлады ФҚҚ.
Жедел іздестіру іс-шаралары барысында ұсталғандардың екеуі лаңкестік әрекетте пайдаланылған қару-жарақ пен көліктерді сатып алу үшін ақша аударғаны, үшіншісінің лаңкестік әрекетке сыбайластарды тартуға және оны іске асырушыларды қаржыландыруға тікелей қатысы бар екені анықталды.