Бұл туралы УЕФА-ның баспасөз қызметінен хабарлады.
«УЕФА-ның бақылау-тәртіптік инстанциясы Ресей футбол құрамасынан Еуропа чемпионатының келесі іріктеу кезеңінде алты ұпайды алып тастау шешімін қабылдады. Жазалау шартты сипатқа ие және оның мерзімі осы уақыттан бастап «Еуро-2016» квалификациясындағы түйіспе матчтар аяқталғанға дейін күшіне ие», - делінген таратылған хабарламада.
Ресей футбол одағына сондай-ақ 20 мың еуроға айыппұл салынды. Мұндай шешім Вроцлавта чехтармен өткен матч кезінде ресейлік жанкүйерлердің тәртіпсіздіктеріне жауап ретінде қабылданды. Ол кезде ресейлік фанаттар алаңға пиротехникалық құрылғыларды лақтырып, намысқа тіл тигізетін баннерлерді көрсеткен болатын.