Ресей құжаттық фотосуреттерге орамал тартып түсуге рұқсат етті

None
АСТАНА. 26 наурыз. ҚазАқпарат - Ресейдің федералды көші-қон қызметі Ресейге барғысы келетін шетелдіктер құжатқа жабыстыратын суретке орамал байлап түсуге болатынын жариялады.

Бұл туралы muslim.kz сайты хабарлайды.

«Дінінде бөгде адамдардың көзінше ашық-шашық жүруге рұқсат бермейтін әйелдерге құжаттық фотосуретке бастарына орамал тартып түсуіне рұқсат. Алайда, бет-жүзін тұмшалап алмауы керек», ­- делінген ресми құжатта.