Заңға нацистік символика мен экстремистік ұйымдардардың әрекеттеріне жаза қолдану жөнінде тармақ енгізілді, деп хабарлады ресейлік жаңалықтар қызметі.
Заң бірінші кезекте айыппұлдардың сомасын арттыруды қарастырады. Қазіргі заңнамаға сәйкес нацистік символиканы насихаттап, іске асырғаны үшін салынатын айыппұл 500-ден 1000 рубльге дейін соманы құрайды.
Айыппұлдардың жаңа көлемі тұрғындар үшін 1 мыңнан 2 мыңға дейін, заңды тұлғалар үшін 1 мыңнан 4 мың рубльге дейін өседі, ал лауазымды тұлғалар үшін айыппұл сомасы 10 мыңнан 50 мың аралығында болмақ.