Ресей Мемлекеттік думасында Мәскеудің байларына салынатын салықты көбейту ұсынылды

МӘСКЕУ. ҚазАқпарат – Мемлекеттік дума вице-спикері, Ресей либерал-демократиялық партиясының өкілі Борис Чернышев Федералды салық қызметінің басшысы Даниил Егоровқа хат жолдап, жылына 25 млн рубльден артық табатын адамдар үшін кіріс салығын 20%-ға көтеруді ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат РИА Новости-ге сілтеме жасап.

«Әлеуметтік әділдікті арттыру үшін бай адамдарға салық мөлшерлемесін көбейтетін күн жетті деп есептеймін. Жылына 25 млн-нан көп табатын, яғни айлық табысы 2 млн-нан асатын азаматтар 20% көлемінде салық төлеуі қажет», - деп РИА Новости хат мәтінінен үзінді келтіреді.

Оның сөзінше, мұндай өзгеріс негізінен Мәскеудің бай тұрғындарына қатысты болады.

Сондай-ақ ол инфрақұрылым, абаттандыру, жаңа саябақтар мен балалар алаңқайлары «байлыққа салынған салық» көмегімен қаржыландырылуы керек екенін атап өтті.