Мигранттар үшін салықты көтерудің ұсыныстары, оның ішінде:
• Ресей азаматтығын ресімдеу кезінде – 12 есеге, яғни 4200 рубльден 50 000 рубльге дейін;
• уақытша тұруға рұқсатты ресімдеу кезінде – 8 есеге, яғни 1920 рубльден 15 000 рубльге дейін;
• тұруға рұқсатты ресімдеу кезінде – 5 есеге, яғни 6000 рубльден 30 000 рубльге дейін.
Мигранттарды жұмысқа тартуға рұқсат беру үшін баж салығын әрбір шетелдік маман үшін 15 000 рубльге дейін арттыру жоспарлануда.
Оның сөзінше, мұның бәрі көші-қон саласында тәртіп орнатуға, сондай-ақ бюджетке қосымша кіріс әкелуге ықпал етеді, ол болжам бойынша жылына 15 млрд рубльді (6,63 бағамы бойынша 99 млрд 450 млн теңгені) құрайды.
Сондай-ақ, Мемлекеттік Думаның қарауында көші-қон мәселелерін реттейтін 10 заңнамалық бастама бар екенін атап өтті. 2024 жылдан бастап осы бөлікте 22 федералды заң қабылданған.
Құқықтық база қалыптастырылған. РФ-да тұрып, оның азаматы болғысы келетіндер: орыс тілін білуі, РФ заңдарын сақтауы, оның дәстүрлерін, тарихы мен мәдениетін құрметтеуі керек.
Бұған дейін 2026 жылы Қазақстанда қанша шетелдік жұмыс істей алатыны туралы жазған болатынбыз.